Сұрақтар мен жауаптар
Ересектерге арналған Супрадин дәрумендерінің желісіне төрт өнім кіреді: Супрадин Иммуно С, Супрадин Иммуно Тройное Действие, Супрадин Иммуно Про және Супрадин Коэнзим Q10. Желі құрамына кіретін дәрумендер мен минералдар иммунитетті арттыруға ықпал етеді, сондықтан ағзаға сергек және қуатты болу оңайырақ. Мысалы, Супрадин Коэнзим Q10 құрамында Коэнзим Q10 мен В тобы дәрумендерінің тіркесімі бар; олар бірігіп энергия өндіруге және жоғары жұмыс қабілеттілігін қолдауға жұмыс жасайды. Ал Супрадин Иммуно желісінде С дәрумені мен мырыштың тіркесімі бар; олар күш-қуатты қолдап, қалпына келуді жеделдетіп, белсенділікті ұзақ сақтауға көмектеседі.
Өндірушінің пайдалану нұсқаулығына сәйкес, Супрадин дәрумендеріне аллергия жанама реакция ретінде мүмкін. Ол басқа дәрілік препараттар мен ББҚ қабылдаған кезде де дамуы мүмкін және ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Супрадин қабылдаған кезде аллергия белгілері пайда болса, препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Супрадин Иммуно балалар және ересектер желілерінде иммунитетті қолдап, ересек те, бала ағзасын да ауруға шалдықтырмайтын препараттар бар.
Супрадин Иммуно Тройное Действие – иммунитетті нығайту және қорғау үшін ең маңызды дәрумендердің күшейтілген тіркесімі. С дәрумені антиоксидантты әсер ете отырып иммундық жасушаларды қорғайды және ағзаның вирустарға сезімталдығын төмендетуге ықпал етеді. D дәрумені туа біткен иммунитетті қолдайды; бактерияларға қарсы нәруыздардың өндірілуіне ықпал етіп, олардың ағзаға енуінің алдын алады; иммундық жасушалардың дамуына септігін тигізеді. Мырыш иммундық жүйенің жұмысын қолдайды, жіті респираторлық инфекциялардың ұзақтығын қысқартуға және антиденелердің қарқынды өндірілуіне ықпал етеді.
Супрадин Иммуно Про – иммунитетті барынша нығайту және тыныс жолдарын қорғау үшін еңмаңызды С, D дәрумендері мен мырыштың 9 микронутриентпен күшейтілген тіркесімі. Қосымша 9 микронутриент есебінен Супрадин Иммуно Проағзаның инфекцияларға төзімділігін арттырады, иммундық жасушаларды белсендіреді, тыныс жолдары мүшелерінің қорғанысын күшейтеді және ағзаға сергектік береді.
Супрадин Кидс Иммуно иммунитетті белсендіру үшін итмұрын менС дәрумені құрамының арқасында баланың ауруға шалдықпауына көмектеседі. Супрадин Кидс Иммуно суық ауруларының дамуы қаупін төмендетеді және гуморальдық та, жасушалық та иммунитетті белсендіреді, бұл ағзаның вирусқа қарсы қорғанысын күшейтеді. Итмұрын – ағзадағы қабыну үдерістерін басатын және вирусқа қарсы қорғанысты күшейтетін табиғи иммуномодулятор.
Қарт жастағы пациенттерде гипо- және авитаминоз, сондай-ақ микро- және макроэлементтердің жетіспеушілігі белгілері жиі байқалады. Супрадин зат алмасу үшін маңызды заттардың жетіспеушілігін толықтыра алады, алайда нұсқаулықтағы қарсы көрсетімдерге, мүмкін болатын дәрілік өзара әрекеттесулерге және басқа ескертулерге назар аудару қажет. Сондықтан Супрадинді қарт адамдарға нақты клиникалық жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып тағайындау керек.
Супрадин 18 жастан бастап қабылдауға ұсынылады. Қарт жас қарсы көрсетім болып табылмайды, алайда әрбір жағдайда бұл препаратты тағайындауға жеке тәсілмен қарау қажет. 3 жастан бастап балалар үшін әрбір баланың жеке қажеттіліктерін ескеріп жасалған Супрадин Кидс Қонжықтар, Балықшалар, Сиқырлы Драже және Иммуно атты жеке желі шығарылады.
Супрадин желісіндегі әрбір препарат науқастардың жеке қажеттіліктері ескеріле отырып жасалған.
Супрадин Иммуно С дәрумені – бір таблеткада 1000 мг дозасындағы С дәруменінің моно препараты; моно дәрумендерді қалайтын және суық маусымында ағзаға жеңіл қолдау қажет ететіндерге жарамды.
Супрадин Иммуно Үштік Әсер – С, D дәрумендері мен мырыштың тіркесімі; ауыра бастаған және жылдам жазылғысы келетіндерге қолайлы.
Супрадин Иммуно Про – С, D дәрумендері мен мырыштан басқа жиі суық ауруларына шалдығатын немесе өткізілген суықтан асқынулары бар адамдарға арналған 9 қосымша микронутриент.
Супрадин Коэнзим Q10 – иммунитетке қолдау ғана емес, энергияны және жұмыс қабілеттілігін арттыру құралын іздейтіндерге арналған нұсқа.
Супрадин Супрадин Кидс ересектерге қарсы көрсетілмеген. Оны ерлер де, әйелдер де қабылдай алады. Алайда препараттағы белсенді компоненттердің дозалары арнайы балаларға есептелгенін және ересек ағзасының қажеттіліктерін толық өтей алмайтынын ескеру қажет.
Белгілі бір бала үшін Супрадин Кидс Қонжықтар, Балықшалар, Иммуно және Сиқырлы дражелердің қайсысы жақсырақ – бұл сұраққа педиатр науқасты тексеріп, сұрастырған соң нақты жауап бере алады. Маманмен кеңесу мүмкіндігі болмаса:
Супрадин Кидс Қонжықтар – баланың үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қолдануға болатын теңгерімді дәрумен кешені.
Супрадин Кидс Балықшалар омега-3 және холинмен – ми жасушаларының құрылыс материалымен – күшейтілген; баланың интеллект деңгейін арттыруға және зейін қоюды жақсартуға ықпал етеді.
Супрадин Кидс Иммуно құрамында итмұрын, С дәрумені және иммунитетті суық кезеңінде нығайтатын басқа дәрумендер мен минералдар бар.
Супрадин Кидс Сиқырлы Драже баланың белсенді өсуін, сүйектері мен бұлшықеттерін қолдауға арналған биотин, К дәрумені және басқа да микроэлементтерден тұрады; белсенді физикалық жүктемелерге жарамды.
Әрбір препаратты қабылдаудың стандартты курсы – 1 ай. Супрадин Кидстің әртүрлі нұсқаларын дәрігермен кеңескеннен кейін кезектестіріп қабылдауға болады.
Препаратқа арналған ресми нұсқаулыққа сәйкес, Супрадин Кидс 1 жастан бастап балаларға тағайындалмайды. Оны 3 жастан асқан балалар үшін дәрумендер мен пайдалы заттар көзі ретінде қолдану ұсынылады. Доза жасына байланысты таңдалады. Супрадин Кидс Иммуно күніне 2 шайнайтын пастилка (3–7 жас) немесе 3 шайнайтын пастилка (7 жастан асқандар) мөлшерінде қабылданады. Супрадин Кидс Сиқырлы Драже 3 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға күніне 3 драже, 11-ден 18 жасқа дейінгілерге күніне 4 драже мөлшерінде тамақ ішу кезінде ұсынылады. Супрадин Кидс Балықшалар 3 жастан бастап балаларға күніне 1 шайнайтын пастилка, 4-тен 10 жасқа дейін — күніне 2 шайнайтын пастилка, 11-ден 14 жасқа дейін – күніне 3 шайнайтын пастилка мөлшерінде тамақ ішу кезінде қабылданады. Супрадин Кидс Қонжықтар күніне 1 (3–7 жас) немесе 1–2 (7 жастан асқандар) пастилка мөлшерінде тағайындалады.
Супрадин препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың «Қарсы көрсетімдер», «Арнайы нұсқаулар», «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерінде кешеннің этанолмен болуы мүмкін жағымсыз өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер жоқ. Осылайша, Супрадинді спирттік ішімдіктермен бірге қолдануға болады. Препараттың сіңірілуіне ықпал етпеу үшін қосымша сақтық шарасы ретінде Супрадин мен спирттік ішімдіктерді қабылдауды уақыт жағынан бөліп алуға болады.
Ұқсас мақалалар
Біздің мақалаларды оқып, дәрумендер туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алыңыз
Балалардағы гиповитаминоз
Ересектерден айырмашылығы, балаларда барлық физиологиялық процестердің жоғары қарқындылығы байқалады. Олар қалыпты дамуға бағытталған...
Балалардағы дәрумен тапшылығы
Дәрумен тапшылығы-бұл организмде кез-келген дәруменнің мүлдем болмауымен сипатталатын және типтік түрде көрінетін жағдайлар...
Балаларда Д дәруменінің жетіспеушілігі
Балалардағы D дәруменінің жетіспеушілігі әлемдік медицина үшін өзекті және шешілмеген мәселе болып табылады.
Витамин таншылығының белгілері және емі
Витамин тапшылығы дегеніміз не – организмнің патологиялық жағдайы, оның себебі бір немесе бірнеше витаминдердің терең тапшылығы...